6 сабақтың тақырыбы: Тармақталу программасы. Циклді (қайталанған) программа.

 

Сабақтың мақсаты:

·         Тармақталу алгоритмінен тармақталу программасына көшуді, қарапайым шарт пен күрделі шартта орындалатын амалдар белгісін түсіндіреді.

·         Шартты тексеру операторлары мен таңдау операторларының қызметтерін түсіндіру.

·         Жан – жақтылық тұрғысында ойлау өрісін қалыптастыру.

·         Цикл ұғымын түсіндіру.

·         Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

·         Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Ақпараттық мәдениеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдістеріүсіндіру, көрнекілік қолдану, сөйлеу, сұрақжауап, тәжірибелік әдіс.

 

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты түсіндіру.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды ұйымдастыру, түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

ІІІ.Жаңа тақырыпқа түсіндіру.

Тармақталу үдерістері бар алгоритмді ұйымдастыру үшін шартты операторлар қолданылады. Тармақталу берілген шарттың орындалуы немесе орындалмауына байланысты атқарылады. Шартты тексеру логикалық өрнектермен сипатталады. Логикалық өрнек қарапайым немесе күрделі шарт болып бөлінеді. Айнымалылар логикалық тип (Boolean) мәндерін қабылдаса, мәні ақиқат (True) немесе жалған (False) болады.

Қарапайым шарт дегенімізсалыстыру белгісінен тұратын екі арифметикалық өрнектерден ұрады. Қарапайым шартта қолданылатын салыстыру белгілерінің тізімінің кестесі төмендегідей:

Циклді (қайталау) программа

Visual Basic тілінде циклді программаға шартты жән шартсыз көшу операторлары, цикл (қайталану) ұйымдастыру операторлары жатады. Программа операторлары жазылу ретімен орындалады. Бұл операторды жиі қолданса, программаны шатастыруы мүмкін. Сондықтан көптеген программалаушылар шартсыз көшу операторларын жиі қолданбаған дұрыс деп санайды.

Goto операторының жазылуы: мұндағы «белгі» дегенімізпрограмманың қай жерінен орындалатынын көрсететін ұғым.

 

Goto белгі


For … Next операторы

Visual Basic программасы қайталану саны белгілі болғанда For … Next циклді операторлары қолданылады. For … Next операторының жазылу:

For санағыш = Бастамасы То соңы [Step]

[цикл операторлары немесе цикл денесі] , [Exit For]

Next [санағыш]

Қабаттасқан циклдер

Жазылуы:

For санағыш = басталуы To соңы [Step қадам]

...

For санағыш 2 = басталуы 2 To соңы 2 [Step қадам]

[цикл операторлары]

Next [санағыш 2]

...

Next [санағыш 1]

 

ІV. Жаңа білімді бекіту.

Таңдау операторына берілген тапсырманы орындау. Оқулықтан көбейту кестесін орындап, талдайды.

Тапсырма: (k, j) ұяшығында тұрған ферзь (m, n) ұяшығында тұрған тастарға қауіп төндіре ме? Мұндағы k және m горизонталь бағыттағы шахмат тақтасының нөмірі, ал j және n вертикаль нөмірлері. Егер бөгде шахматтар ферзь тұрған горизонталь немесе вертикаль жолда тұрса, онда ферзь бұларға қауіп төндіруі мүмкін (k=m және j=n) сонымен ферзь диагональ ([k-m] = [j-n]) жолында тұрған шахматтарға да қауіп төндіреді.

If k=m or j=n then

Print = “ферзь қауіп төндіреді

Else if abs (k-m) = abs (j-n) then

Print = “ ферзь қауіп төндіреді

Else

Print = “ферзь қауіп төндірмейді

End if

 

IV. Үй тапсырмасы

Тақырыпты мазмұндайды, конспектеді, қайталау операторларының жазылуын, атқаратын қызметін жатпайды.